Коронавируске қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатыны туралы нақты дерек шықты
Австралиялық ғалымдар коронавируспен ауырған науқастардың иммунитетін қанындағы жасуша жады арқылы тексеру әдісін ойлап тапты. Зерттеу нәтижесі иммунитеттің кем дегенде сегіз ай сақталатынын көрсетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Мамандар зерттеуі Science Immunology журналында жарияланды.
Монаш университеті, Бернет институты және Мельбурндегі Альфред ауруханасының ғалымдары сегіз ай бойы COVID-19 диагнозы бар 25 еріктінің қанын зерттеді. Әрбір еріктінің иммундық жүйесі аурудың 4-ші күнінен 242-ші күніне дейін зерттелді.
Оның нәтижесі қандағы SARS-CoV-2-ге бос антиденелердің концентрациясы аурудың алғашқы белгілері басталғаннан 20 күн өткен соң түсе бастайтынын көрсетті. Бұл адам аурудың жеңіл түрімен ауырған кезде антиденелер деңгейі тез төмендейтінін көрсетеді.
Зерттеушілер антиденені иммундық жүйе патогенге шабуыл жасайтын снарядтарға ұқсайды деген пікір айтты. Ал антиденелер шығару туралы сигнал жадтың В-жасушалары деп аталатын ақ қан клеткаларына беріледі.
Иммундық жүйеде COVID-19 инфекциясымен таныс жадтың В-жасушасы жеткілікті мөлшерде бар-жоғын тексеру үшін ғалымдар нысандардың қан үлгісіне SARS-CoV-2 флуоресцентті таңбаланған бөлігін енгізді.
Талдау қан үлгісінің әрқайсысы коронавирусқа айтарлықтай реакция беретінін анықтады, бұл ғалымдарға вирустың белгілі бір бөлігіне В-жасушаның қандай жады әсер ететінін анықтауға мүмкіндік берді.
Ғалымдардың зерттеуі коронавирус инфекциясын жұқтырған адамның қанында сегіз айдан кейін күшті иммундық жауап пайда болатынын көрсетті.
"Біздің нәтиже вакцина жасалғаннан кейін олар ұзақ уақыт бойы қорғауды қамтамасыз етеді деген үміт отын жағады", - дейді зерттеу жетекшісі, иммунолог Менно ван Зельм.
Жұмыс авторларының айтуынша, пандемияны ауыздықтау алу үшін халықтың 70%-і иммунитетті қалыптастыруы керек.