Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Тарихшы Гитлердің Екінші дүниежүзілік соғыстағы қателігі туралы айтты

Ұлыбританиялық тарихшы Джеймс Холланд "Жеңіске 48 сағат" атты деректі фильмінде Гитлердің Екінші дүниежүзілік соғыстағы қателігі туралы айтып берді. Тарихшының сөзін Daily Express газеті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ленту.Ру" басылымына сілтеме жасап.


Сарапшы пікірінше, фюрердің өлімге әкеп соққан қателігі Францияның Дюнкерк қаласы маңында неміс әскері шабуылын тоқтату шешімі болған.
1940 жылы мамырда вермахт күштері Франциядағы одақтас күштерді қоршауға алып, соғысты тиімді аяқтады. Алайда 24 мамырда Гитлер Дюнкеркке қарай бет алған танк дивизиялары командиріне шабуылды тоқтату туралы бұйрық берді.
Холланд фюрердің бұл қадамын "мүлдем апатты және ықтимал қателік" деп атады.
Тарихшы алдыңғы қатардағы неміс командирлерінің көпшілігі фюрердің бұйрығына сыни көзқараспен қарағанын, бірақ бағынуға мәжбүр болғанын атап өтті.
Кейінірек неміс армиясының қолбасшылығы қателігін түсінген және сол жылдың 26 мамырында кешке Гитлер бұйрығын жойған. Алайда сол кездегі жағдай түбегейлі өзгерді: бірнеше күн ішінде одақтас күштер эвакуацияға дайындала алды, оның барысында 338 мыңнан аса адам аймақтан шығарылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: