Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

ВЕНЕСУЭЛАДА ЖҰМА ДЕМАЛЫС КҮНІ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ

ВЕНЕСУЭЛАДА ЖҰМА ДЕМАЛЫС КҮНІ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫВенесуэла уақытша 4 күндік жұмыс аптасына көшті, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл электр энергиясын үнемдеу үшін қабылданған шара екен. Осы мақсатта билік бұған дейін жұмыс күнін қысқартып, ірі сауда орталық басшыларын генератор орнатуға міндеттеген еді. Айта кеткен жөн, бүгінде Венесуэлада өндірілетін электр энергиясының шамамен 60 пайызы су электр стансаларына тиесілі. Алайда елді қуаңшылық жайлаған. Оның үстіне экономикалық дағдарыстың кесірінен бұл салаға қаржы бөлінбей келеді. Кения Ариас, мұғалім: - Меніңше, бұл шараның пайдасы шамалы. Өйткені, жұма күні жұмысқа шықпаған халық үйде отырып-ақ, электр энергиясын тұтына береді. Сонда мұны үнемдеу деп айтуға бола ма?
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: