Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Диетолог жасартатын қасиетке ие өнімдерді атады

Диетолог Елена Соломатина жасартатын қасиетке ие азық-түлік өнімдерін атады. Маманның сөзінше, ұзақ өмір сүретін адамдардың мәзірінде көкніс, сүт қышқылды және ақуыз өнімдері, ферменттеу өнімдері болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Вечерняя Москва басылымына сілтеме жасап. 


"Ұзақ өмір сүретін адамдар тұратын өңірлерде ферменттеу өнімдерін көптеп тұтынады. Біз тек қырыққабатты ашытқылаймыз, жібітілген алма өте сирек, жібітілген жидектер де", – деп түсіндірді диетолог. 
Диетолог ас мәзіріне құрамында шайыртас қышқылы бар өнімдерді қосуға кеңес береді. Мұндай қышқыл ашытылған қырыққабат немесе жасыл тошалада кездеседі. Сонымен қатар қара түске боялған жидектер – қаражидек, көкжидек, қожақат таңқурай, алхоры, қара жемісті шетеннің пайдасы туралы да айтып өтті. 
"Омега-3 майлы қышқылдар да жасартатын қасиетке ие. Ол балық майында, зығыр майында болады", – деді дәрігер. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: