Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Қазақ жігіті велосипедпен әлемді аралап шықты

27 жасар қазақ азаматы әлемді велосипедпен аралап жүр. Бүгінде ол көптеген елді аралап, елге жақындап қалғанын айтады. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Қазақ жігіті велосипедпен әлемді аралап шықты

 

Өз саяхатын Мағжан Сағымбаев 2014 жылғы 1 мамырда бастаған болатын. Қазір ол қос дөңгелекті шайтанарбамен Еуразия,Солтүстік және Оңтүстік Америка,Австралияны жүріп өтті. Ол өзінің осы бір саяхатын Bike The Earth деп атайды. Шабандоз бір құрлықты жүріп өткеннен соң келесі құрлыққа ұшақпен жетеді. Бүгінде ол 20 елді аралап, 164 ірі қалада және 200-ден астам шағын ауылда болып үлгерген. 
Саяхат барысында көптеген қиыншылықтардың кездескенін жасырмайды. Бірде велосипедін ұрлатып алған,бірде өзі сырқаттанып,бірде тағамнан ұшынып қалған. 
Әуесқой саяхатшы бұл сапарына 1 миллион 730 мың теңге жұмсапты. Қаржылай көмекті демеушілер жинап берген. Саяхатшының өзімен бірге алып жүретін керек-жарағының салмағы 30 келі. Ол далалықта қалғанда шатыр құрып, ас-суын өзі дайындап ішкен. 
Велошабандоз қазір Қытайда жүр. Екі айдан соң Қазақстанға оралмақшы. Мағжан Сағымбаев оралған соң тағы да бір саяхатты жоспарлап отыр. 
Айта кетейік, Мағжан Сығымбаев бұған дейін де бірнеше мәрте саяхат жасап үлгерген. Алғаш рет 2013 жылы автостоппен 20 мың шақырым жол жүріп,бірнеше елді аралаған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: