Коронивируспен ауыратын кейбір науқастарда пайда болатын шатасқан сана – делирийдің салдарынан адамзат арасында деменция эпидемиясы таралуы мүмкін, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ғалымдардың пікірінше, бұл неврологиялық синдром ми жасушаларының зақымдануын көрсетеді және тұрақты болуы мүмкін. Страсбургте (Франция) жүргізілген зерттеулерге сәйкес, коронавирустың ауыр түрімен ауырған науқастардың 65 пайызы осы симптомнан зардап шекті.
Имануэль Кант атындағы БФУ медициналық институтының психиатрия және нейробиология кафедрасының меңгерушісі Игорь Реверчуктың айтуынша, қауіп аймағында миы ұзақ уақыт мас болу, анестезия немесе гипоксия салдарынан әлсіреген, сондай-ақ тұрақсыз психикасы бар немесе психотропты заттарды ұзақ қабылдаған адамдар тұрады.