Қытайдың Юньнань провинциясында тек алдыңғы екі аяқпен туылған лақ табылды.
Шаруалардың айтуынша, лақ екі аяқпен туылса да, жүруге талпынып, ақыры өздігінен жүріп кетіпті, деп жазады ftimes.ru.
Лақтың кемістікпен тууына ветеринарлар екі түрлі болжам айтып отыр. Бір пікірде ол ешкіні буаз кезінде ішінен ұрған, ал бұл ішіндегі лақтың кемістігінен алып келген деп айтылған. Бұндай жағдай ешкілер бір-бірімен сүзіскен кезде орын алуы мүмкін.
Ал екінші болжам бойынша, лақтың екі аяқпен туылуы мутациядан болуы мүмкін.