Келе жатқан 2021 жыл «тазалану жылы және жаңа бастамамен айналысатын уақыт». Бұл туралы нумеролог Снежана Савицкая-Онгемах айтты. Ол Сиыр жылын қалай қарсы алып, жыл табысты болу үшін не істеу керектігін айтты, деп жазады Аikyn.kz сайты «Клопс»-ке сілтеме жасап.
2021 жыл — Сиыр жылы. Бұл жануар мықты, еңбекқор, тұрақтылығымен ерекшеленеді. Сондықтан нумеролог адамдарға әділ және шыдамды болуға кеңес береді.
«Сыр жылы — жыл иесінің мықты қасиеттерінің арқасында тыныш және тұрақты болады», — дейді Снежана.
Оның айтуынша, 2021 жыл «тазалану жылы және жаңа бастамамен айналысатын уақыт«. Бұл жыл отбасын құрып, жұмыс ауыстырған және кәсіп ашқандарға сәтті болады. Бәрінде сенімділік және шынайылық таныту керек. Бұқа қорқатындарға көмектеспейді.
«Жалпы 2021 жылдың қуаты — білім, заң, салт-дәстүр, тәртіп және билікте. 2021 жыл бірігуге, отбасы құндылықтарын бағалауға үйретеді. Балаларыңыз бен қарияларға көп уақыт бөліңіздер, өздеріңізді дамытыңыздар. Бағаңызды түсірмеңіз, ішкі түйсігіңізді тыңдаңыз», — дейді нумеролог.