Дәрігер ұйықтар алдында айран ішкеннен гөрі ет жеуді ұсынды
Ресейлік диетолог дәрігер Алексей Ковальков ұйықтар алдында айран ішкеннен гөрі ет жеуді ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл жөнінде Тengrinews.kz жазды.
Дәрігер YouTube-арнасында ұйықтар алдында жеу ұсынылған азық-түліктер туралы кеңінен тараған пікірді жоққа шығарды. Оның сөзінше, кешке қышқыл сүт өнімдерін пайдалану ағзаға пайдалы емес екен.
"Жатар алдында бір стақан сүт ішкенде 1,5 қасық лактоза - инсулиннің шығарылуына байланысты сүт қант бөлінеді. Қышқыл сүт өнімдеріне де инсулин бөлінеді", - деді дәрігер.
Оның айтуынша, кешке ботқа, ұсақ көміртектер мен жеміс-жидек те жемеген дұрыс.
Диетолог жатар алдында ет, балық не басқа теңіз өнімдерін және шикі көкөніс жеуді ұсынды.
Маман тісебасар ретінде күні бойы қызанақ, қияр, болгар бұрышын жеуге болатынын айтты.