Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Telegram жұмысында ақау болды

Бірқатар елдің Telegram қолданушылары мессенджердің дұрыс жұмыс істемей тұрғанын хабарлады. Бұл туралы Downdetector сайтындағы танымал интернет-ресурстардағы проблемаларды қадағалауға арналған ақпаратта жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Порталдың мәліметінше, мессенджер жұмысындағы ақаулар, шамамен, Нұр-Сұлтан уақытымен 02.43-те басталған. Қолданушылар Telegram-ға қосылу мүмкін емес екенін (91 пайыз) және хабарлама жіберудегі қиындықтар туралы (8 пайыз) жазып, шағымданған.
Telegram - бұл әртүрлі форматтағы медиа-файлдармен алмасуға мүмкіндік беретін мессенджер. Жобаны 2013 жылы "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров жасаған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: