Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Жапонияда тұңғыш рет адамсыз басқарылатын жолаушылар пойызы шығарылды

Жапония әлемде тұңғыш рет адамсыз басқарылатын жолаушылар пойызын шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл көлік елдің оңтүстік-батысындағы Кюсю аралында қатынайды. Бүгін жолаушылар мінген пойыз алғашқы сынақтан сәтті өтті. Сақтық үшін жетекші вагонда жүргізуші отырды. «Ол 2022 жылдың наурызына дейін болады», - дейді ұйымдастырушылар. Қазір Жапонияда бала туу деңгейі азайып, халық қартайып барады. Бара-бара елде пойыз жүргізетін мамандар тапшы болуы мүмкін. 
Жоба авторлары жаңа үлгідегі пойызды жасауда осы мәселені оңынан шешуі тиіс деп сенеді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: