Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Қытайда педофил мұғалімді өлім жазасына кесті

Қытайда педофил мұғалімді өлім жазасына кестіГаньсу провинциясында (Солтүстік-Батыс Қытай) бейсенбі күні 29 баланы зорлаған педофил-мұғалім өлім жазасына кесілді. Бұл туралы ҚХР Жоғарғы халық сотының хабарламасында айтылған. Өйткені осы инстанция ғана елдегі барлық өлім жазасын бекітуі тиіс, деп хабарлады ТАСС.
Алғашқы үкімді бұрынғы мұғалім Ли Цзишуньге орташа сатыдағы Тяньшуй қаласының соты шығарды, онда педофил 2011-2012 жылдары 4-тен 11 жасқа дейінгі 26 баланы зорлағанын анықтады.    
Хабарламада тағы да төрт педофилге үкім шығарылғаны айтылған, олардың біреуіне өлім жазасы үкімі екі жылға кейінге қалдырылған.
Хабарламада атап өтілгендей, мұндай қылмыстар соңғы жылдары жиілеп кеткен. 2012-2014 жылдары Қытайда педофилиямен байланысты 7145 іс тіркелген. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: