Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Германияда 8 адам мінген әуе шары апатқа ұшырады

Германияның Рейнланд-Пфальц федералды жерінде сегіз адам мінген әуе шары апатқа ұшырады. Аппараттың құлауынан бір адам ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Merkur басылымына сілтеме жасап.
Әуе шары қонбас бұрын қатты желдің салдарынан құлаған, содан кейін кенет себет жерге түсіп кетіп, теміржол жолында ағаш бұтақтарына ілініп қалған.
Басылымның хабарлауынша, 100-ден астам құтқарушы әуе шарының жолаушыларын ағаштар арасынан шығарып алған. Соның салдарынан пойыздардың қозғалысын біраз уақытқа тоқтатуға тура келген.
Ұшқыш мерт болды, барлық жеті жолаушы жарақат алды, олардың екеуінің жағдайы ауыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: