Дәрігер қою қанды сұйылтуға көмектесетін сусындарды атады
Диетолог, медицина ғылымдарының докторы Маргарита Королева қанды сұйылтуға арналған ең пайдалы сусындарды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Москва 24" арнасына берген сұхбатында маман ең алдымен, тромбоздың пайда болуын алдын алу үшін қарапайым газдалмаған суды жеткілікті мөлшерде ішуге кеңес береді. Салмақтың әрбір келісі үшін кем дегенде 33 миллилитр сұйықтық болуы керек, деп түсіндірді диетолог.
"Қою қан тромбоз қаупін арттыруы мүмкін, ал су қан ұюдың пайда болуына жол бермейді. Су – барлық сұйықтық белсенділігін арттырушы күш, денені табиғи түрде тазалайды", – деді маман.
Дәрігер сонымен қатар қанды сұйылту үшін анар шырынын ішуді ұсынады. Оның құрамында жүрек-тамыр жүйесін оңтайландыру және қан құрамын сақтау қызметін қалыпқа келтіруге қажетті аминқышқылдары бар. Сонымен қатар, бұл өнімде Р және В тобындағы дәрумендер бар.
“Анар шырыны жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдар үшін өте пайдалы. Әсіресе, 50 жастан асқандарға, ағзада ақау жиналған кезде ішу керек деп көрсетілген", – дейді Королева.
"Қызылша да жақсы өнім. Қызылша шырыны ағзаның табиғи тазалануына ықпал етеді, денеден ауыр металл тұздарын кетіреді және қанның липидті құрамын реттейді. Яғни, қанның реологиясын (ағзада ағуын) жақсартуға ықпал етеді”, – дейді диетолог.
Сондай-ақ маман қарақат немесе шетен жидегі суынан жасалған сусындарды ішуге кеңес береді. Сөзінше, олардың құрамындағы С мен Р дәрумендері қан айналу жүйесін жақсартатын және оның денсаулығын сақтайды.