Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Ұзын сақал өсірген азамат алты жылға сотталды

Қытайлық сот ұлты ұйғыр азаматты сақал өсіргені үшін алты жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы ҚазАқпарат China Youth Daily сілтеме жасап хабарлайды.

Ұзын сақал өсірген азамат алты жылға сотталды

 

Сот сондай-ақ оның әйелін қоғамдық орында бетін бүркегені үшін екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұл жұп соңғы уақытта сот істерінде жиі қолданыла бастаған «араздықты арандатушылыққа» айыпты деп танылды.
Шыңжаң-Ұйғыр автономдық өлкесіндегі Қашғар қалалық округінің 38 жастағы тұрғыны сақалды 2010 жылдан бері өсіргені атап өтіледі. Исламшыл ұйғырлардың топтары бар ШҰАӨ-де жақында лаңкестікпен күрес шарасы ретінде қоғамдық орындарда бурка - мұсылман әйелдердің беттерін бүркейтін киімін киюге тыйым салатын заң қабылданған. Киімнің бұл түрін автономия астанасы Үрімші қаласында де киюге рұқсат жоқ. Бұдан басқа, аймақтың билік көздері ерлердің сақал өсіруіне қарсы науқанды жүргізіп, осындай тәжірибені экстремизммен күрес ретінде байланыстырып отыр.
ҚХР-ның солтүстік-батысында орналасқан бұл автономдық округте көбіне ұйғырлар тұрады. Осы халық өкілдерінен тұратын экстремистік топтар Шыңжаңның тәуелсіздігін талап етуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: