Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

ДДҰ коронавирустан қауіпті ауруды атады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Африка елдеріндегі безгекпен күрестің маңыздылығы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.
ДДҰ әлемдегі безгек туралы соңғы баяндамасына сүйенсек, жыл сайын бұл аурудан 400 мыңға жуық адам қайтыс болады. Африка аймағында бұлардың саны едәуір көп. 2019 жылы безгекпен ауырғандардың 94 пайызы осы аймақта тіркелді. Бұл COVID-19-бен салыстырғанда айтарлықтай көп. Пандемия басынан бері Африкада коронавирустан 50 мың адам көз жұмған.
ДДҰ безгек күрес үшін жаңа дәрілер әзірлеуге инвестиция көлемін арттыруға шақырды. 
Сарапшылардың айтуынша, адамдардың кейбір тобы айтарлықтау қауіпке тап болып отыр. Олардың қатарында 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, АИТВ және ЖИТС науқастар, мигранттар, тұрғындардың көшпенді бөлігі және саяхатшылар бар. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: