Бразилиялық тұрғын 51 жасында 21 нәрестесін өмірге алып келді. Бұл жөнінде G1 мәлім етті. Ол алғаш рет 13 жасында ана атанған. Алдағы уақытта да ана атануды амқсат етіп отыр.
Себастьяна Мария да Консейсао (Sebastiana Maria da Conceição) Аракажу қаласында тұрады. Елуден асқан шағында ана атану бақыты бұйырған ол биылғы 13 мамырда ұл баланы дүниеге алып келген. Алғашқыда дәрігерлер оның денсаулығына алаңдаған еді. Дегенмен, барлығы да сәтті өтті. Ұл баланың салмағы 3 келіні құрайды. Бойының ұзындығы 46,5 сантиметр. Қысқасы, нәрестенің денсаулығы қалыпты.
Бүгінге дейін ол 10 қыз, 11 ер баланы дүниеге алып келген. Олардың ішінще 18-нің бүгінде көзі тірі. Күйеуі өз қатарлы азамат.