Мамандар салмақ тастауға көмектестетін ең тиімді төрт көкөністі атады
Диетологтар Кортни Д'Анжело мен Триста Бест салмақ тастауға көмектесетін төрт негізгі көкөністі атады. Оларға шпинат, қызыл бұрыш, брокколи және сәбіз жатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Д'Анжелоның айтуынша, шпинат қоректік заттарға бай және салатқа, қуыруға немесе протеинді коктейльге қосуға жақсы. Екі сарапшының да пікірі бойынша рационға шпинат қосу іштегі майды кетіруге көмектеседі. Д'Анжелон бұл өнімде қоректік заттарды жақсы сіңіруге және ас қорытуға көмектесетін талшық бар екенін атап өтті. Сондай-ақ оның құрамында салмақ тастауда іштегі висцеральды майдан арылуға көмектесетін К дәрумені бар.
Бесттің пікірінше диета үшін тиімді көкөніс – қызыл болгар бұрышы.
"Бұрыштың калориясы төмен және қоректік заттары жоғары. Тамақтанғаннан кейін қанықтылық сезімін тудырады. Бұл комбинация күн ішінде артық тамақтанудың алдын алуға көмектеседі", – деп түсіндіреді Бест. Ол бұрыштың құрамындағы талшық пен капсаицин салмақ жоғалтуға да әсер ететінін атап өтті.
Екі диетолог та брокколидің тоқ сезінуге, қуат беруде, салмақ қосудың алдын алатынына, ас қорытуға көмектесетініне және жіңішке бел үшін күресте ең жақсы көмекші екеніне сенімді. Д'Анжело мұны көкөністегі С витаминінің, кальций мен хромның көптігімен түсіндіреді. Брокколи ағзадағы қабынуды азайтатын антиоксиданттарға бай екенін қоса кетті.