Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Өз балаларының басын кесіп алған әке 57 жылға сотталуы мүмкін

Los Angeles Times мәліметінше, 34 жастағы Морис Джуэл Тейлор 12 жасар ұлы мен 13 жасар қызының басын кесіп алған.  Содан кейін олардың мәйіттерін сегіз және тоғыз жасар екі ұлына көрсетіп отырған. Ұлдарын ол тамақ бермей, бөлмелерінде қамап ұстаған. Бұл жөнінде aikyn.kz жазды. 
Прокурорлардың айтуынша, қайғылы оқиға үйге құтқарушылар барған соң белгілі болды. Олар қылмыскердің үйіне оның клиенттерінің шақыруымен келген.
«Zoom-мен сабаққа қатысып жүрген оның клиенттері билік органдарына ер адам өздерімен сөйлеспей кеткен соң хабарласқан. Олар үйге газ жайылып кетті ме деп алаңдаған. Сондықтан сол жаққа баруды өтінген», ‒ делінген мақалада.
Балалардың анасы осы уақыт бойы үйде болған. Бірақ ол қылмысқа қатысы жоқ болып шықты. Тасжүрек әке енді 57 жылға сотталуы мүмкін. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: