Қор нарығындағы құлдырау салдарынан әлемнің ең бай деген бес адамы бір күн ішінде 8 млрд 700 млн долларын жоғалтты.
Солардың ішінде «Амазонның» негізін қалаушы Джефф Безостың қалтасы көбірек қағылғанға ұқсайды. Онлайн-сауда жасайтын компания акциялары 5,8%-ға арзандаған. Жалпы, нарықтағы жағдайдан пайда көргендер де болды. Мәселен, америкалық инвестор Карл Айканның капиталы бір күн ішінде 210 млн-дан бірден 20 млрд-қа дейін артты. Айта кеткен жөн, осы аптада алдымен Қытайдың, артынша Еуропа мен АҚШ-тың қор нарығы құлдыраған еді. Ал Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы жағдайдың ушығуынан мұнай бағасы қымбаттады.