Ғалымдар ежелгі мезозой кезеңінде мекендеген шағын динозаврдың сүйектерін Хэбэй провинциясынан тауыпты деп хабарлайды 24.kz.
Палеонтологтардың мәлімдеуінше, динозаврдың қанаттары қауырсыннан емес, қалың теріден болған. Профессорлар бұл археологиялық жетістікке Yi qi (и ки) деген атау беріпті. Бұл «біртүрлі қанат» дегенді білдіреді екен. Динозаврлардың бұл түрі скансориоптеригидтер деп аталады. Бір қызығы, олардың сүйектері тек Қытай халық республикасының аумағынан ғана табылып келеді екен, деп жазады planet.