Екі мұхитты жалғайтын Никарагуа арнасының құрылысы басталды
Никарагуа халқы үшін бүгін – тарихи күн. Атлант және Тынық мұхиттарын жалғайтын арнаның құрылысы басталды.
Айтулы шараны салтанатты түрде ел президенті мен қытайлық құрылыс компаниясының басшысы ашты. Панама арнасы баламасының ұзындығы шамамен 280 шақырымға созылмақ. Бес жылға жоспарланып отырған жобаның құрылысына 50 млрд доллар жұмсалмақ. Никарагуа басшылығының мәлімдеуінше, қос мұхитты байланыстыратын арна ел экономикасының жандануына үлкен септігін тигізеді. Ал жергілікті шаруалар мен табиғат жанашырлары бұл жобаға үзілді-кесілді қарсы. Оның қоршаған ортаға келтіретін зиянды әсері орасан дегенді алға тартады олар.