Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Бұрынғы қазақстандық әйел Польша президенттігіне кандидат болып тіркелді

 

Польшада тұратын этникалық қазақ әйел, «Еуропадағы қазақ оппозициясының белсендісі» деп сипатталатын Балли Мажец Польша президенттігіне кандидат болып тіркелді.
Польша орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Балли Мажец президенттікке 24-үміткер болып 16 наурызда тіркелген.
Балли Мажец — бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан Польшаға кетіп, сол елде тұрақтап қалған қоғамдық белсенді. Балли Мажец шет елдерде өтетін Қазақстанға қатысты халықаралық жиындарға барып, саяси режимді сынап сөз сөйлеп тұрады.
Польшада президент сайлауы 10 мамырда өтеді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: