Францияда ежелгі адамдар салған суреттері бар Ласко үңгірінің көшірмесі жасалды, деп хабарлайды 24.kz.
Суретшілер мен археологтар оны заманауи технологияның көмегімен салып шыққан. Осылайша 1940 жылы табылған соңғы палеолит кезеңінің тарихи құндылықтарын саяхатшылардың тамашалауына мүмкіндік туды. Себебі, осыдан 15-20 жыл бұрын салынған көне суреттерге 1963 жылы қауіп төніп, үңгір біржола жабылған еді. Ал пілдер мен мүйізтұмсық сияқты жануарлардың бейнесі бедерленген үңгір елдің оңтүстік-батысындағы Перигор аймағында орналасқан.