Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Билл Гейтс қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолын айтты

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс NBC басылымына берген сұхбатында коронавирус пандемиясынан қалыпты өмірге оралудың қандай жолы барын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл жөнінде Тengrinews.kz жазды. 

Оның айтуынша, бұрынғыдай қалыпты өмірге оралу үшін коронавирусқа қарсы екпе жасату керек.
"Адамдарды қалыпты өмірге қайтарудың жалғыз жолы - тиімді және қолжетімді вакцина алу", - деді Гейтс.
Microsoft негізін қалаушы жаппай вакцинация коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатуға және ауруды "әлемдік деңгейде" тоқтатуға мүмкіндік береді деп санайды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: