Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет: Мамандар өз кеңесін айтты 

АҚШ-тағы Тулейн университетінің ғалымдары ұзақ өмір сүру үшін күнделікті қанша сағат ұйықтау керектігін айтып берді деп жазады РИА Новости.  Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлады. 
Олар дұрыс және уақытылы ұйықтаған адамдардың жүрек ауруларынан аулақ болатынын әрі көп өмір сүруге бейім келетінін атап өтті. Ғалымдардың сөзінше, адамға 7-8 сағаттық ұйқы ұзақ ғұмыр сыйлайды екен. 
Яғни, тәулігіне 7-8 сағатын ұйқыға арнаған адамдар көбірек өмір сүреді, дейді АҚШ зерттеушілері. 
Олар бұған зерттеу барысында көз жеткіздік деп отыр. 
Мамандар 37-73 жастағы 408 мың адамды бақылауға алып, бірнеше жылдан кейін олардың 5221-і жүрек ауруларына шалдыққанын байқаған. Бұлардың көбісінің түнде дұрыс ұйықтамайтын және ұйқысыздықтан зардап шегетін, аз ұйықтайтын адамдар екені анықталды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: