Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Пілдерді қорғау керек

30-ға жуық елдің өкілдері Ботсванада бас қосып, пілді браконьерлерден қалай қорғау керектігі жөнінде мәселе көтерді, деп хабарлайды Хабар телеарнасы.

Пілдерді қорғау керек

 

Сарапшылардың пікірінше, Африкада пілдер жер бетінен жоғалып кетуі ықтимал. Себебі соңғы жылдары елде пілдің өсу деңгейінен гөрі,  браконьерлердің саны артқан көрінеді.  Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының мәліметінше, піл саны әсіресе Орталық Африкада азайып барады екен. Соңғы 10 жылда аймақтағы піл саны 60 пайызға кеміген.   Піл сүйегін сатуға 1989 жылы тыйым салынған болатын. Алайда қылмыстық топ жасырын түрде піл сүйектерін базарда саудалайды екен. Піл сүйектері заңсыз түрде, жасырын Қытай асып жатқан көрінеді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: