Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

ИСПАНИЯДА ТЕҢІЗДЕН КӨТЕРІЛГЕН АЛЫП ҚҰЙЫН ЖҰРТТЫҢ ЗӘРЕСІН АЛДЫ (БЕЙНЕ)

ИСПАНИЯДА ТЕҢІЗДЕН КӨТЕРІЛГЕН АЛЫП ҚҰЙЫН ЖҰРТТЫҢ ЗӘРЕСІН АЛДЫ (БЕЙНЕ)

 

Валенсия провинциясындағы Суэка қаласының тұрғындары теңізден көтерілген алып құйыннан қорқып, зәресі ұшты, деп жазады 24.kz
Ерекше құбылысты видеоға түсіріп алған жұрт оған «теңіз торнадосы» деп ат қойыпты. Бұл құйын теңіздің жағасына тым жақын келген кезде халық одан бетер шошыған. Метеорологтардың айтуынша, мұнда соңғы 10 жыл уақыт ішінде мұндай құбылыс болмаған, деп жазады Metro. Роликтен теңізден қалың колонна тәрізді болып көтерілген судың бірнеше жүз метрге дейін көкке атылып, шексіз аспанмен шектескенін байқау қиын емес. Жалпы бұл құбылыс ғылым тілімен «су құйын» деп аталады екен.   Кенеттен көтерілген құйын салдарынан Валенсия мен Мадрид командаларының арасында өткелі тұрған футбол матчы кейінге шегерілді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: