Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Мысыр тұрғыны 43 жыл бойы өзінің әйел екенін жасырып келген

Бұл қадамы үшін Мысыр билігі оған "теңдессіз ана" деген награда берді. Босанарынан бірнеше ай бұрын жесір қалған әйел баласын асырау үшін күн сайын ерлерше киініп, қара жұмысқа жегілген.

 

Осылайша ол дүниеге жаңа келген сәбиін ашықтырмапты. Мысырда ұзақ жылдар бойы әйелдердің жұмыс істеуіне тыйым салынғандықтан, Сиса осындай қадамға баруға мәжбүр болғанын айтып отыр.
Бүгінде 64 жастағы әйел әр кезде кірпіш пен цемент тасып, құрылыс нысандарында еңбек еткен.
"Өзгелердің күдігін тудырмау үшін және дәстүрдің құрбанына айналмас үшін мен ерлерше киініп, көрші қалаларға барып жұмыс істедім" дейді еңбекқор әйел.

 

Мысыр тұрғыны 43 жыл бойы өзінің әйел екенін жасырып келген

 

Соңғы бірнеше жылдан бері Сиса Әбу Даух Луксор қаласында аяқ киім тазалаумен айналысып жүр. Оның қызы бүгінде бой жеткен. Әлі күнге дейін анам отбасын асырап отыр дейді ол.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: