Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

БҰҰ: босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті

БҰҰ: босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті Әлемдегі босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы БҰҰ хабарлайды.
«Қарулы қақтығыстар мен қудалаудан қашып, өз үйлерін тастап, бас сауғалаған жандардың саны адамзат тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жетті», делінген ұйымның хабарламасында. Соңғы мәліметтерге сәйкес, өткен жылы әлемде 60 млн-ға жуық босқын тіркелген, олардың жартысынан астамы – балалар. Бас сауғалап жүргендердің басым көпшілігі – сириялықтар. БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Антонио Гутеррештің айтуынша, бүгінде халықаралық қауымдастық ойламастан соғыс бастайтын мемлекеттерді тоқтата алмай, қауқарсыздық көрсетіп отыр.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: