Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

А320: Екінші ұшқыш ұшақты қасақана құлатқан (ВИДЕО)

«Люфтганза» әуе компаниясының басшылығы барлық айғақтар Airbus А320 ұшағын екінші ұшқыш қасақана құлатқанын көрсететінін ресми мәлімдеді.

 

Мамандар қара жәшіктерді зерттеген соң, Андреас Любиц кабинадағы есікті іштен бекітіп, әуе кемесін төмен қарай бағыттағанын анықтады. 
Естеріңізге сала кетейік, Germanwings әуе компаниясының ұшағы 24-ші наурызда Барселонадан ДюссельдОрфқа ұшып бара жатып, Францияның Альпі шыңында апатқа ұшыраған болатын. Қайғылы оқиғадан 18 мемлекеттің азаматтары қаза тапты. Естеріңізде болса, марқұм болған 150 адамның арасында 3 қазақстандық болған. 
Карстен Шпор, Lufthansa бас директоры  
-Екінші ұшқыштың командирді кабинаға кіргізбей, ұшақты құлатқаны шындыққа келетін сияқты. Бұл хабар Lufthansa мен Germanwings қызметкерлерінің жағасын ұстатты. Соңғы бірнеше күн бойы есімізден танып, өзімізге әлі келе алмай жатырмыз. Жағдайдың осылайша ушығатынын мүлде білмеппін.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: