Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Бүгін Күн тұтылады. Астролог мұндайда не істеу керектігін айтты

14 желтоқсанда Жер шары тұрғындары аспаннан Күннің тұтылу құбылысын бақылай алады. Жерден қарағанда Ай Күнді толығымен жабады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстанда, Ресейдегідей, бірегей бұл табиғи құбылысты тамашалау мүмкін болмайды, өйткені қыста бұл уақытта ымырт түсіп кетеді. Күннің тұтылуының максималды фазасы (1.025) Мәскеу сағатымен 19:13 уақытына тең келеді деп күтіледі (Нұр-Сұлтан уақытымен - 22:13). Күннің тұтылуы адамдардың өмірі мен тағдырына айтарлықтай әсер етеді дейді астрологтар.
Толық тұтылу кезінде Күн тәжі, Күнге жақын орналасқан жұлдыздар мен планеталар көрінеді.
Астролог Алена Никольская айтқандай, бұл құбылыстың әсері астрономияны жақсы көретіндер үшін ғана емес, бүкіл планета тұрғындары үшін де қызықты. Ол кармалық сипатқа ие, деп жазады "Комсомольская правда" басылымы.
Адамдардың 13, 14 және 15 желтоқсанда жасаған барлық әрекеттері олардың 2,5 жылдағы кейінгі өміріне әсер етеді. Сонымен қатар, желтоқсан айының ортасынан бастап 18 жылға созылатын және өмірді айтарлықтай өзгертетін белгілі бір цикл басталады.
Өзгерістер оң болуы үшін өзіңіз ренжіткен немесе өз ренішін білдірген адамдарды есіңізге түсіріңіз. Жағымсыз ойлардан бас тарту керек, сонда алдағы 18 жыл өмір сүру оңай болады, сыртқа шықпаған эмоциялар мен проблемаларды іште сақтап, жүре бермеңіз, деп кеңес береді астролог.
14 желтоқсанда өзіңіз алғыс білдіргіңіз келген нәрселердің барлығын еске түсіріңіз. Мүмкін болса - қоңырау шалыңыз немесе ойша оған ризашылығыңызды жеткізіңіз.
Сізге ерекше назар аударатын нәрсені таңдау керек. Бұл қабырғадағы суреттен бастап, диван немесе шкаф та болуы мүмкін.
Міне, сол таңдап алған затқа қарап, жақын арада орындалуы үшін барлық армандарыңыз бен "тілектеріңізді" айтыңыз. Алдағы 72 сағат ішінде сол мақсатыңызға жақындататын үш қарапайым қадам туралы ойланыңыз. Бұл қадамдарды міндетті түрде жүзеге асырыңыз, деп кеңес береді Никольская.
Айтпақшы, аспан құбылысы адамдарға әртүрлі әсер етеді. Егіз, Сұрмерген және Суқұйғыш белгісінде туылғандар өте күрделі өзгерістерге ұшырайды.
Күннің тұтылуы Шаян, Торпақ және Сары шаян белгісіндегілерге жаңа деңгейге көтеретін керемет мансаптық өзгерістерді уәде етеді.
Барлық басқа белгілер коммуникациялық ебіне аса мән беруі керек.
Жақында өз ортаңыздағы көптеген адамдар әртүрлі себептермен бұ өмірден кетуі ықтимал. Бірақ сіз өткенге байланбай, тек қажет дегендерді босатуыңыз керек.
Астропсихолог Инга Лозанчич ойлар материалды, басыңды таза және позитивті ойлар ұстауға тырысу керек екенін еске салады.
Өзіңіздің жеке бағдарламаңызды реттеп, іске қосқаныңыз, болашағыңызды, болашақ өміріңізді, тіпті жылын көз алдыңызға елестетіп, ниеттеріңізді нақты тұжырымдағаныңыз жөн. Бізге тұтылу энергиясын қолдана отырып, болашақтың активаторы болып саналатын анық, ықшам қондырғылар қажет, - дейді Лозанчич.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: