Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

КХДР ӨЗІН АҚШ-ТАН ЯДРОЛЫҚ ДЕРЖАВА РЕТІНДЕ ТАНУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

КХДР ӨЗІН АҚШ-ТАН ЯДРОЛЫҚ ДЕРЖАВА РЕТІНДЕ ТАНУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

 

Жексенбіде КХДР АҚШ-тан өзін ядролық қаруы бар мемлекет ретінде тануын талап етті, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі Корей орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасай отырып.
«(Президент Барак) Обама ядролық қаруы бар мемлекет ретінде КХДР-дың стратегиялық ұстанымын жоққа шығарғысы келеді, алайда мұның алақанмен күнді жапқан секілді мәні жоқ», - делінген елдің СІМ өкілінің мәлімдемесінде. 
КХДР билігі жұма күні ядролық сынақты сәтті өткізгенін растап, баллистикалық зымырандарды ядролық оқтұмсықтармен жарақтандыруға қабілетті екендіктерін мәлімдеді. 
Оңтүстік корей әскерилерінің мәліметінше, жарылғыштың қуатын 10 килотонға жеткен, ол қаңтардағы жарылыстан екі есе күшті. 
Дерек көзі: ҚазАқпарат.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: