Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Коронавирустың күтпеген симптомы аталды

Зерттеушілер COVID-19 анықталған пациенттерде пайда болатын жаңа, сирек кездесетін симптом туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Daily Express мәліметінше, тұрақты түрде ықылықтау коронавирустық инфекцияны білдіруі мүмкін.
Бұрын ықылық COVID-19 негізгі белгілерінің бірі болған жоқ, алайда оның ұзаққа созылған көрінісі инфекцияның болуын көрсетеді. Мысырлық  дәрігерлер коронавирус тек ықылық  арқылы анықталған пациенттің зерттеуін жариялады.
64 жастағы ер адам дәрігерлерге үш күннен кейін тоқтаусыз ықылық шағымымен жүгінген, содан кейін оның коронавирус жұқтырғаны және лейкоциттердің төмен деңгейі бар екені белгілі болды.
Осыған ұқсас жағдай америкалық ғалымдар жариялаған мақалада сипатталған. 62 жастағы науқас ықылық басталғаннан төрт күн өткен соң дәрігерлерге жүгінген. Инфекция өкпеге әсер еткен, бұл ер адамда да лейкоциттер мен тромбоциттер деңгейі төмендеген.
Ықылық белгілі бір нервтердің жиырылуымен байланысты диафрагманың конвульсиялық жиырылуынан болады. Ықылық стресстен немесе дұрыс тамақтанбау салдарынан да пайда болуы мүмкін. Егер адам екі күннен артық ықылықтауды тоқтатпаса немесе ықылық жиі пайда болса, дәрігерлер медициналық көмекке жүгінуді ұсынады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: