Коронавирус науқастарды екіге бөліп, қарастырмайтын болды
Қазақстанда коронавирус науқастар симптомы барлар және симптомы білінбейтіндер деп енді бөлінбейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
- Тамыз айының бойында және қыркүйектің бір бөлігінде біз коронавирус инфекциясының симптомы барлар мен симптомы білінбейтіндер туралы ПТР зерттеу нәтижелері бойынша статистиканы біріктіріп жібердік. Алайда, біз бұлайша бөлудің жекелеген сарапшылар аясы және медициналық болжамдарды болжауда қолдану үшін ғана қажет екеніне көз жеткіздік.Сондықтан, аудиторияның кең ауқымы үшін мұндай ақпарат жиі қателіктерге бой алдыруға және оларға сүйенетінін біліп, біз оларды күнделікті ақпаратта бөліп көрсетуді тоқтаттық, - деді Қоджахметов ОКҚ-дегі брифингіде.
Егер БАҚ өкілдеріне кеңейтілген статистикалық мәліметтер қажет болса, Денсаулық сақтау министрлігіне оларды жазбаша өтініш беріп, оны ала алады.