Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы талқыланды

Қазалы аудандық орталық ауруханасында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы талқыланды. Азаматтардың денсаулығын жақсарту және дансаулық сақтау саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруды көздеген бағдарлама 2011-2015 жылдарға арналған. 
Қазіргі таңда өңірде аталған жобаны жүзеге асыру үшін түрлі жұмыстар атқарылып келеді. 85-тен астам медицина қызметкері қатысқан жиын барысында бас дәрігер Нұрлан Кәрібаев бағдарлама нәтижесінде аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Жалпы ауданда «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда профилактикалық іс-шаралар, скринингтік зерттеулер жүргізіліп, көліктік медицина қызметі көрсетіліп келеді. Сонымен қатар, отбасылық жалпы практикалық дәрігерлерді көбейту, мейіркештердің ролін арттыру мақсатында әрбір аймақ дәрігеріне екінші және үшінші мейіркештер бөлінді. Бастапқы медициналық көмек мекемелеріне 19 әлеуметтік мейіркеш тағайындалған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: