Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Мобильді бригадалар қызмет көрсетуде

Қызылордада шілде айынан бастап мобильді бригадалар қызмет көрсетуде. Бес мың халыққа бір бригададан келеді. 38-і қалада болса, 28-і аудан орталықтарында, 95-і елді мекендерде.
Мобильдік бригадалардың құрамы аймақтық дәрігер, мейірбике және жүргізушіден жасақталған. 161 мобильдік бригадаға 159 автокөлік берілген. Оның ішінде 57 автокөлік қала және аудан әкімдіктерінің  қызметтік көліктері болса, қалған 102 автокөлік бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарының автокөлігі.  Бүгінгі күнге дейін мобильді топ 13368 шақыртуға барды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: