Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары жыл басынан бері өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу мақсатында 21 сауда орнынан барлығы 343 сынама сатып алды. Іріктеп алынған өнімдердің басым үлесі, яғни 73,5%-і тағам өнімдерінің үлесінде болса, 26,5%-ін тамақ емес өнімдер құрады. Оның ішінде отандық тауарлар қатары 20,1%, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өнірілген өнімдер- 63,5% және өзге елдердің тауарлары - 16,3%.
Жүргізілген сараптамалар нәтижесімен сатып алынған барлық өнімдердің 30 үлгісі техникалық регламенттердің талаптарына сай келмей шықты. Атап айтқанда, 4 өнімнен микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер тіркелді. Ішек таяқшалары тобының бактериялары тауық етінен, сүттен және тұшпарадан табылса, шайдан зең анықталды. Мұндай азық-түлікті пайдалану түрлі ішек инфекциялары мен тағамнан улану жағдайларына алып келуі мүмкін. Қырғыз және Ресей сүт өнімдерінен май-қышқылды құрамынан 2 сәйкессіздік табылды.
Бұдан бөлек, физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша 4 өнімнен, таңбалануы бойынша 24 өнімнен бұзушылықтар тіркелді. Ал балалар ойыншығының 2 үлгісінен фармальдегидтің шамадан тыс мөлшері анықталды. Бұл химикаттың көлемі рұқсат етілген деңгейден асып кетсе токсикологиялық улану қаупін туындатады. Сәйкессіздік анықталған екі ойыншық та Қытайда өндірілген. Сондықтан балаларға ойыншық сатып аларда қауіпсіздіқ құжатының болуына мән беруге кеңес береміз.
Мониторинг аясында анықталған сәйкессіздіктердің көпшілігі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген өнімдер еншісінде.
Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша 11 сауда объектісіне ҚР-ның халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою жөніндегі нұсқамалар берілді. Сәйкессіздік анықталған отандық өнімдер бойынша өндірушілерге тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілді. Сонымен қатар сараптама нәтижелерімен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік анықталған импорттық өнімдер туралы ақпарат тиісті елдердің өндірушілерін одан әрі хабарлауы үшін жолданды.