Жалағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері тағайындалды
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының №121-ж бұйрығымен Мақсұтов Еркебұлан Мақсұтұлы Жалағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
Еркебұлан Мақсұтов 1985 жылы 27 қарашада Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген.
2003-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Медициналық академиясының «Терапия» факультетін ойдағыдай тәмәмдап, дәрігер біліктілігін алған.
Еңбек жолын 2010 жылы Қызылорда қалалық №1 емханасында жетінші аймақтық дәрігер болып бастаған.
2011 жылы Қызылорда қалалық ауруханасына дәрігер-терапевт болып ауысып, сол жылы «ревматология» мамандығы бойынша білімін жетілдірген.
2012 жылдан бастап көпбейінді қалалық аурухананың «ІІ терапия» бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облысының штаттан тыс бас ревматологы қызметтерін абыроймен, жоғары деңгейде атқарып келді.