Өткен жылы Сыр медицинасының тарихында тұңғыш рет созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқасқа бүйрек ауыстыру операциясы жасалды.
Осы арқылы Қызылорда елімізде бүйрек ауыстыру отасын жасаған төртінші облыс атанып отыр. Ота А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандарымен бірлесіп жасалды. Мұндай игілікті істер алдағы уақытта да жалғасын таппақшы.