Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны - 4490. Соңғы тәулікте 32 жағдай тіркелді. Ал індеттен айыққан науқастар саны 4003-ке жетті.
Бүгінде инфекциялық стационарда 217, ал стационардың реанимация бөлімінде 11 науқас ем алуда.
Сондай-ақ,коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны- 18 559 тікелей қарым-қатынас -15 811, ықтимал қарым-қатынас- 2 748.
Өткен тәулікте зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 2472, тексерілгені –1657, жұмыс жасалуда – 815. Қалдық тест саны – 5 618. Эпид. маусым басталғалы бері 286 537 сынама алынды.