Балабақша тәрбиешілері арасында бесік жырын айтудан және оның сәндеуден сайыс өтті.
Ұлттық құндылықтарымыздың бірі саналатын бесік қай уақытта болмасын маңызы жоғары саналады. Дене бітімнің дұрыс қалыптасуы, тазалық, тәрбиенің бастауы осында. Оны қазаққа әспеттеп түсіндірудің өзі артық. Енді сайысқа оралайық. Алдымен қатысушылар бесіктерді түрліше өң беріп сәндеді. Мұнан соң бесік жырын айтудан сайысты. «Әлди, әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем» деп жырлаған тәрбиешілер бірінен-бірі асып түсіп жатты. Байқауда бүлдіршіндерде өнерлерін көрсетті. Шара қорытындысында «Білімді тәрбиеші», «Өнерлі тәрбиеші», «Дарынды бүлдіршін» секілді номинациялармен марапатталды. Ал, «Бегім ана» балабақшасы «Тәуелсіз елге тәй басқан қадам» сайысының жеңімпазы деп танылды.