Қызылорда облысында 2021 жылғы 20 қарашадағы мәлімет бойынша I компонентпен 379 820 адам вакцина салдырды, II компонентпен 319 912 адам.
Жыл басынан бері егу кабинеттерінің саны 34-тен 106-ға дейін артты.Үй жағдайында қызмет көрсететін 39 мобильді, 167 мониторингтік топ жұмыс жасауда. Бүгінгі күні вакцинациялауға жататын облыс тұрғындарының бірінші компонентін 86,2%, екінші компонентін 72,5 % алған. Pfizer вакцинасының 23 400 дозасы жеткізілді.