Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Коронавирустың көбеюін тоқтататын дәрі табылды

Жапон ғалымдары АИТВ-ға қарсы препараттардың бірі коронавирустың көбеюін тоқтата алатынын анықтады. Зерттеу қорытындысы bioRxiv биомедициналық препринттер порталында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ғалымдар зерттеуінде SARS-CoV-2-мен қаншалықты күресе алатынын анықтау үшін АИТВ-дан емдеуде қолданылатын тоғыз дәрінің әсерін анықтаған. Барлық препарат коронавирустың көбеюімен күресе алатыны анықталыпты, алайда көпшілігі қолданыста шарты көп әрі дәрі мөлшері тым көп болуы керек екен де, олардың ішінде нелфинавир ғана аз құрамда және басқа жасушаларға салыстырмалы түрде қауіпсіз болған.
"Қорытындысында нелфинавирдің COVID-19-дан емдеуге әлеуеті зор үміткер болып отыр және коронавирус жұқтырған науқастарға сынақтан өткізілуі керек", - деді зерттеушілер.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: