Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында болып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша актив отырыстарын өткізді.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Арал қаласында аудандық орталық аурухананың іргетасын қалауға қатысты. Қ.Көшербаев аралдықтарды Наурыз мерекесімен және жаңа денсаулық сақтау нысаны құрылысының басталуымен құттықтады.
Біздің өңір әлеуметтік дамуды жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі бойынша республикада алдыңғы орында екендігін атап өткен жөн.