Бразилиялықтың ішегінен 125 сантиметрлік тірі балық алынды
Бразилияның оңтүстігінде Лондрина қаласында іші ауырып дәрігерге келген ер адамды айнаға түсіргеннен соң ішінде жылан-балық бар екені анықталды, деп хабарлайды 24.kz.
Аты-жөнін жарияланбауды өтінген бразилиялықтың несеп жолынан кірген балық шыдатпас ауырсулар тудырған соң ол медициналық көмекке жүгінген. Бразилиялық дәрігерлерді таң қалдырған оқиға орын алды. Ер адамға операция жасалып, ішегінен 125 сантиметрлік жылан-балық алынды. Дәрігерлер ер адамның ішінен отаның көмегімен алынған балық әлі де тірі болғанын айтады.