Биыл өңірде бірнеше медициналық нысандар пайдалануға берілді
Облыста денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда.
Атап айтсақ, республикалық бюджет есебінен Қазалы ауданында 250 келушіге арналған және 80 мыңнан аса тұрғынға қолжетімді және жоғары сапалы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін аудандық емхана пайдалануға берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов хабарлады.
-Биыл денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған бірқатар жұмыстар жүргізілді. Соның ішінде Арал және Қазалы ауданына қарасты шалғай елді мекендерге 2 медициналық бекет ел игілігіне табысталды. Сондай-ақ, медициналық құрал-жабдықтар да толықтырылды. Нәтижесінде, құрал-жабдықтармен қамтылу көрсеткіші 85 пайызға дейін өсу жоспарлануда, - деді Нұрымбет Аманұлы.