Қызылордада карантин талаптарын бұзған 894 жағдай тіркелді
Аймақта 5 шілдеден бастап карантин талаптарын бұзған 894 жағдай тіркелді. Оның басым бөлігі тұрғындардың той жасау деректері.
Барлығына хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
-Әлемде болып жатқан жағдайды көріп отырсыздар, кейбір елдерде ахуал күрделі. Тіпті бірқатар облыстағы жағдайды да көріп отырмыз. Сондықтан карантин талабын сақтауымыз керек. Сондай-ақ, індеттің алдын алу үшін мониторингтік топтар өз жұмысын жалғастыруда ,- деді ОПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев.