Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 24-ке жетті

Бүгін, 19 сәуірде күн Қызылорда облысында коронавирус індетінен тағы 3 науқас емделіп шықты.
Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар "Covid-19" вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды. Індетті жеңген 3 науқастың 1-уі Шиелі ауданының, 2-уі Жаңақорған ауданының тұрғыны. Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.
Айта кетейік, облысымызда бұған дейін 21 науқас "Covid-19" індетінен айыққан болатын. Қазіргі таңда аймағымызда барлығы 24 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: