Қандағы қант деңгейін лезде төмендету үшін не жеу керек
Ноқат жеудің арқасында қандағы қант деңгейін жылдам төмендетуге болады, деп хабарлайды РИА Новости. Бұл жөнінде Sputnik Қазақстан мәлім етті.
Ноқат құрамында ақуыз бен жасұнық көп. Соның арқасында қандағы қант деңгейі жылдам төмендейді. Мәселен, жасұнық ағзаның көмірсуларды сіңіру процесін бәсеңдетеді. Сол кезде көмірсулар өте баяу бөлінеді. Глюкоза да баяу бөлінеді де, ағзада ақырын жиналады.
Ал ноқаттың күнделікті нормасы көп емес. Одан жасалған тағамды күніне бір рет жесе де, алты аптаның ішінде қандағы қант деңгейін айтарлықтай төмендетуге болады.
Бұдан бөлек, мамандар глюкозаның деңгейін дұрыстағаннан кейін салмақты да реттеуге болатынын айтып отыр. Қазіргі мәліметке сәйкес, ноқат жеген адамның қарны ашпайды, біраз уақыт тоқтық сезімі болады. Денсаулыққа пайдасы жоқ тағамдарға деген қызығушылық та төмендейді.